2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XXIV сессиясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 364 шешімі
(2006.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының XXV сессиясының 2006.28.12. № 395 (2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді); 2007.29.03. № 403 шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 59768278 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 18776573 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 269 159 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 40722546 мың теңге;
2) шығындар - 60745015 мың теңге;
3) операциялық сальдо - алу 976737 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - алу 850 533 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 800481 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1651014 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 195000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді алу - 195000 мың теңге;
6) бюджеттің дефициті - алу 321 204 мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру - 321 204 мың теңге.
Қарағанды облыстық мәслихатының XXV сессиясының 2006.28.12. № 395 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді)
2. 2007 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен 20460465 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге 7 975 494 мың теңге;
Приозерск қаласындағы әскери қызметшілердің тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жүргізуге 159 286 мың теңге;